Шу ауданы Ақтөбе ауылының имамы Абусейт ұйымдастыруымен «Ыстақ Қожа ата» мешітінде әйел-қыздар қауымына арналған «Исламдағы мәйітті жуындыру және кебіндеу» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында қатысушыларға мәйітті шариғат талаптарына сай жуындыру, кебіндеу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ бұл амалдардың діни маңызы мен жауапкершілігі кеңінен баяндалып, практикалық тұрғыда да толыққанды мәлімет берілді.
Іс-шараға жиналған әйелдер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай семинарлар діни сауаттылықты арттырып, қоғамда дұрыс діни түсініктің қалыптасуына ықпал етеді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



15 Маусым 2026
29 Зуль-хиджа 1447

