Шу ауданындағы бірлігі жарасқан Бірлік ауылында жаңа саябақтың ашылу салтанаты өтіп, ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған шара «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылып, ауыл аумағына 1250 түп ағаш отырғызылды.
Игі іс-шараға аудан әкімі арнайы қатысып, елді мекенді көркейту бағытындағы бастамалардың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, Бірлік ауылының молдасы Жұматай Медет ақ батасын беріп, игі бастаманың берекелі болуына тілектестік білдірді.
Ауыл тұрғындары – жас та, кәрі де бұл шараға белсене қатысып, туған жерді көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Ұйымшылдық пен ынтымақтың үлгісін көрсеткен көпшілік табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызын айқын көрсетті.
Бұл бастама – туған жерді көркейтіп, болашақ ұрпаққа жасыл әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



15 Сәуір 2026
27 Шавваль 1447

