Шу аудандық «Жәми» мешітінің әйел-қыздар секторында Рукиям ұстаздың ұйымдастыруымен орыс тілді жамағатқа арналған «Исламдағы қыз тәрбиесі» тақырыбында тағылымды шара өткізілді.
Шара барысында исламдағы қыз баланың тәрбиесі, оның қоғамдағы орны, ибалығы мен көркем мінез-құлқы жайында кеңінен насихат айтылып, Құран мен хадистерден тағылымды мысалдар келтірілді.
Кездесу соңында еркін форматта сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, жамағат тарапынан қойылған түрлі сауалдарға тұшымды жауаптар ұсынылды. Белсенділік танытып, пікір білдірген қатысушыларға арнайы естелік сыйлықтар табысталды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



15 Қыркүйек 2026
2 Раби-сани 1448

