Қордай: Саяхатшыға көмек көрсетілді

Қордай: Саяхатшыға көмек көрсетілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құранда «садақа беру» ұғымы «Алла Тағалаға қарыз беру» мағынасында қолданылған. Себебі, Жаратушы Иеміз садақа берген құлының сауабын Қиямет күні еселеп қайтарып, сол арқылы күнәларын кешіреді. Қасиетті Құранның «Тағабун» сүресі, 17-аятында: «Егер Аллаға көркем қарыз берсеңдер (мал-мүліктеріңді игі жолға жұмсасаңдар), Ол оны сендер үшін бірнеше есе арттырады әрі сендерді жарылқайды. Алла – шүкірді бағалаушы, аса жұмсақ», – деп баяндалған.

Осыған орай, Қордай аудандық «Қордай» мешітінде  саяхатшы жолаушыға ауданның бас имамы Азамат Берікұлы қаржылай көмек көрсетті. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу – үлкен сауапты іс. Алла Тағала берілген садақаларды қабыл етіп, игі амалдарды еселеп қайтарғай!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: