Қордай: Қайырымдылық жалғасуда

Қордай: Қайырымдылық жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 274-аятында: «Мал-дүниелерін түнде де, күндіз де, жасырын және жария түрде Алла жолында жұмсайтындардың сыйы – Раббысының қасында (дайын).

Оларға қорқу да, қайғыру да болмайды», – деп баяндайды. Тәпсір ғалымдары бұл аяттың мағынасына тоқталып: «Бұл – Алланың разылығын көздеп, кез келген уақытта, түрлі жағдайда жасырын да, жария түрде қайырымдылық жасаушыларға берілген зор сүйінші», – деп түсіндіреді. Осы игі істі жалғастыру мақсатында Қордай ауданы, Қордай ауылындағы «Рахман» мешітінің имамы Нұрмұхамед Сәбитұлының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.

Шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж жандарға 200мыңнан қаржылай жеті отбасыға көмек көрсетілді. Алла Тағала жасалған әрбір сауапты істі қабыл етіп, берекесін арттырсын! Елімізде қайырымдылық пен мейірімділік істері жалғаса берсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: