Қордай: «Ізгі қоғам үшін бірлік» тақырыбында басқосу өтті

Қордай: «Ізгі қоғам үшін бірлік» тақырыбында басқосу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ізгілікке шақырушы адам ең әуелі жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты, ақиқат пен жалғанды, күмән мен айқын сенімді ажырата білуі тиіс. Білімсіздіктің салдарынан кей тұста жұмсақтық қажет жерде қаталдық танытып, ал табандылық керек жерде әлсіздік көрсетуі мүмкін. Сондықтан адамдарға ақиқатты жеткізуде көркем мінез, жылы сөз, әдептілік пен даналық аса маңызды.

Кейбіреулерге ауыр тиетін шындықты да жұмсақ әрі парасатты түрде жеткізу – мұсылманға тән қасиет. Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) арқылы Алла Тағала Құран Кәрімде жамандықтың өзін ең көркем түрде қайтаруды әмір еткен. Осындай көркем мінездің арқасында дұшпан болған жандардың өзі досқа айналатыны баяндалады. Осы бағытта Қордай ауданының бас имамы Қарасу ауылының әкімі, имамдар және ақсақалдардың қатысуымен маңызды басқосу өткізді. Жиында ауыл тұрғындарының бірлігі, тыныштығы, амандығы және имани ахуалдың беріктігі басты назарға алынды.

Басқосуға қатысқан қоғам өкілдері өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Келелі кездесуде ел бірлігі мен рухани тұрақтылықты нығайту жолдары талқыланып, мазмұнды әңгіме өрбіді. Шәууәл айындағы бұл жиын берекелі де пайдалы болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: