ЖАМБЫЛ: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

ЖАМБЫЛ: ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқайнар ауылы «Бейсеу ата» мешітінде жамағатқа арналған «Отбасы құндылықтары» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Шараны мешіт имамы Ермуханбет Берсүгір жүргізіп, отбасының қоғамдағы орны мен маңызын кеңінен түсіндірді. Ол өз сөзінде отбасы – адам тәрбиесінің алтын бесігі екенін атап өтіп, ата-ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік пен сыйластықтың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүріндегі отбасы тәрбиесі мен ислам дініндегі отбасы құндылықтарының өзара үндесетіні айтылды.

Имам жамағатқа ер мен әйелдің отбасыдағы міндеттері, ата-ананың бала алдындағы жауапкершілігі және ұрпақ тәрбиесінің маңызы туралы нақты мысалдар келтірді. Қазіргі қоғамда кездесетін отбасы мәселелері де қозғалып, оларды шешудің діни және тәрбиелік жолдары ұсынылды. Жастарға отбасы құруда жауапкершілікпен қарау, үлкендерді құрметтеу және ұлттық құндылықтарды сақтау жөнінде насихат айтылды. Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді. Шара соңында ел амандығы мен отбасы бірлігі үшін дұға жасалып, қатысушыларға ізгі тілектер білдірілді.

 

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: