Аудандық «Бәйдібек» мешітінде жамағатқа арналған «Дәстүр түсінігіндегі отбасы ұғымы» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Шараны мешіттің наиб имамы Азамат Балхожаев жүргізіп, қазақ халқының отбасыға қатысты салт-дәстүрлері мен оның тәрбиелік мәні жайында кеңінен баяндады. Ол өз сөзінде отбасы – қоғамның негізі екенін атап өтіп, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықтың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ұлттық дәстүріміздегі үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қағидалары ислам дінімен сабақтас екені түсіндірілді.
Жамағатқа отбасыдағы жауапкершілік, ер мен әйелдің міндеттері, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі жайлы нақты мысалдар келтірілді. Сондай-ақ, қазіргі қоғамдағы отбасы құндылықтарының әлсіреу себептері айтылып, оны нығайтудың жолдары ұсынылды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дін тұрғысынан тұшымды жауаптар алды. Кездесу барысында бірлік пен татулық, мейірім мен кешірімділік секілді қасиеттердің отбасында қалыптасатыны ерекше атап өтілді. Шара соңында жамағатқа ізгі тілектер айтылып, ел тыныштығы мен отбасы амандығы үшін дұға жасалды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

