ЖАМБЫЛ: ДІН МЕН ДӘСТҮР ЕГІЗ

ЖАМБЫЛ: ДІН МЕН ДӘСТҮР ЕГІЗ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ш.Ниязбеков ауылы, Қырықбайұлы "Өксікбай" мешітінде жамағатқа арналған "Дін мен дәстүр – егіз ұғым" тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді мешіт молдасы Қазбек Бекмурзаев жүргізіп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен ислам дінінің сабақтастығын кеңінен түсіндірді.

Ол өз сөзінде ата-бабаларымыздың ұстанған жолы мен діни құндылықтардың бір-бірімен тығыз байланыста екенін атап өтті. Сонымен қатар, ұлттық тәрбиенің негізінде жатқан әдет-ғұрыптардың шариғат талаптарына қайшы келмейтін тұстарын мысалдармен жеткізді. Жастарға бағытталған насихат барысында жат ағымдардың қауіптілігі айтылып, дәстүрлі дінді ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Кездесу барысында жамағат көкейіндегі сұрақтарын қойып, дінге қатысты түрлі мәселелер бойынша тұшымды жауаптар алды. Жамағат мұндай тағылымды жиындардың қоғам үшін маңызы зор екенін жеткізді. Сонымен қатар, имандылық, адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді қасиеттердің дін мен дәстүр арқылы қалыптасатыны айтылды. Шара соңында елдің амандығы мен бірлігі үшін дұға жасалып, жамағатқа ізгі тілектер білдірілді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: