ЖАМБЫЛ: АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫНА АРНАЙЫ ДӘРІС ӨТІЛЕДІ

ЖАМБЫЛ: АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫНА АРНАЙЫ ДӘРІС ӨТІЛЕДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Бәйдібек» мешітінде наиб имам Азамат Балхожаевтың бастамасымен ауыл ақсақалдарына арналған арнайы дәстүрлі діни дәріс басталды. Бұл игі шараның негізгі мақсаты – үлкен буын өкілдерінің діни сауатын арттырып, рухани дүниесін байыту болып табылады. Дәріс барысында қатысушыларға ислам дінінің негізгі қағидалары, имандылық, көркем мінез және дәстүрлі құндылықтар кеңінен түсіндірілуде. Сонымен қатар, ақсақалдардың қоғамдағы орны мен жастар тәрбиесіндегі рөлі ерекше атап өтілді.

Аталған дәрістер аптасына үш рет тұрақты түрде өткізіліп, жамағаттың белсенді қатысуымен жүзеге асуда. Сабақ барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дінге қатысты тұшымды жауаптар алуда. Мұндай рухани кездесулер ауыл ақсақалдарының бірлігін нығайтып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беруде. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүр мен діннің сабақтастығы жайында да маңызды мәліметтер берілуде. Шара соңында қатысушыларға ізгі тілектер айтылып, ел тыныштығы мен берекесі үшін дұға жасалды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: