ЖАМБЫЛ: ИМАМДАР АРАСЫНДА ПӘТУАҒА БАЙЛАНЫСТЫ АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

ЖАМБЫЛ: ИМАМДАР АРАСЫНДА ПӘТУАҒА БАЙЛАНЫСТЫ АУДАНДЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Бәйдібек» мешітінде бас имам Даурен Куттыбаевтың жетекшілігімен ауыл имамдарына арналған «Пәтуа беру әдебі мен жауапкершілігі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Шара барысында пәтуа шығарудағы шариғи талаптар мен дәлелдерге сүйенудің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Бас имам өз сөзінде имамдардың халық алдындағы жауапкершілігі жоғары екенін атап өтіп, әрбір сұраққа асығыстық танытпай, жан-жақты білімге сүйеніп жауап беру керектігін жеткізді. Сонымен қатар, қазіргі қоғамда жиі кездесетін діни сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап беру жолдары талқыланды.

Семинарда қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, түрлі жағдайларға байланысты пәтуа беру мәселелерін ортаға салды. Жат ағымдардың ықпалына қарсы тұруда сауатты пәтуа берудің маңызы ерекше екені атап өтілді. Бас имам діни қызметкерлерді үнемі білімін жетілдіріп отыруға шақырып, бірлік пен ынтымақта қызмет етудің қажеттігін айтты. Кездесу барысында имамдар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Шара соңында имамдар елдің тыныштығы, ынтымағы  мен тұрақтылығы үшін дұға жасап, ұйымдастырушыға алғыс айтты.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: