ЖАМБЫЛ: ДІН МАМАНДАРЫН АТТЕСТАТТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ЖАМБЫЛ: ДІН МАМАНДАРЫН АТТЕСТАТТАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Бәйдібек» мешітінде бас имам Даурен Куттыбаевтың жетекшілігімен алдағы уақытта қызметке тағайындалатын және бұйрық алған дін қызметкерлеріне арналған аттестаттауға дайындық жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл жиынның басты мақсаты – үміткерлердің діни білімін жетілдіріп, олардың кәсіби деңгейін арттыру болды. Бас имам өз сөзінде имамдық қызметтің үлкен жауапкершілік жүктейтінін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, дін қызметкерінің тек білімді ғана емес, көркем мінезді, сабырлы әрі парасатты болуы керектігін айтты.

Дайындық барысында қатысушыларға шариғат негіздері, Құран мен хадис ілімі, пәтуа беру әдебі және жамағатпен жұмыс жүргізу қағидалары кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, қазіргі қоғамдағы діни сауалдарға дұрыс әрі дәл жауап беру мәселесіне баса назар аударылды. Үміткерлерге практикалық тапсырмалар беріліп, олардың білім деңгейі сараланды. Сонымен қатар, уағыз айту мәдениеті мен халықпен байланыс орнату тәсілдері де қамтылды.

Жиын барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі ұстаздардан нақты жауаптар алды. Бас имам әрбір үміткерге жауапкершілікпен қарап, ел сеніміне лайық болуға шақырды. Ол имам болу – тек қызмет емес, халыққа қызмет ету жолындағы үлкен аманат екенін еске салды. Кездесу соңында барша қатысушыларға сәттілік тілеп, алдағы аттестаттаудан абыроймен өтулеріне тілектестік білдірілді. Сонымен қатар, елдің тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалып, жиын жоғары деңгейде қорытындыланды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: