ЖАМБЫЛ: УАҚЫП - ҚАЙЫРЛЫ ІС

ЖАМБЫЛ: УАҚЫП - ҚАЙЫРЛЫ ІС

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Бәйдібек» мешітінде бас имам Даурен Куттыбаев келген жамағатқа «Уақып – қайырлы іс» тақырыбында уағыз-насихат ұйымдастырды. Бас имам өз сөзінде уақыптың исламдағы орны мен маңыздылығын кеңінен түсіндірді. Ол уақып жасаудың тек материалдық көмек емес, сонымен қатар рухани сауапқа кенелу жолы екенін атап өтті. Сонымен қатар, уақып арқылы мешіттердің, медреселердің дамуы мен мұқтаж жандарға көмек көрсетудің мүмкіндігі артуы туралы нақты мысалдар келтірді.

Жамағатқа уақыптың әрбір сауапты іс ретінде бағаланатыны, оны дұрыс пайдалану маңызды екені айтылды. Имам уақып жасаудағы шариғи талаптар мен рәсімдерді түсіндіріп, қатысушыларға тәжірибелік кеңестер берді. Әсіресе, жастарға уақып мәдениетін қалыптастырудың маңызы мен отбасы мен қоғамға тигізер пайдасы жайлы кеңінен тоқталды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Жиын барысында ел бірлігі мен татулығын сақтау, адамдарға көмек көрсету және имандылыққа шақыру мәселелері де қаралды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: