Қызылқайнар ауылы «Бейсеу ата» мешітінде имам Ермуханбет Берсүгірдің ұйымдастыруымен жамағатқа арналған «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында маңызды түсіндірме жұмысы жүргізілді. Бұл кездесудің басты мақсаты – қоғамда белең алып отырған жат діни ағымдардың зиянын түсіндіру және халықтың діни сауатын арттыру болды. Имам өз сөзінде дәстүрлі дініміздің ерекшеліктерін атап өтіп, ата-бабамыз ұстанған жолдан адаспау керектігін жеткізді. Сонымен қатар, жат ағымдардың қоғам бірлігіне қауіп төндіретінін нақты мысалдар арқылы баяндады.
Кездесу барысында жамағатқа діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алу қажеттігі түсіндірілді. Әсіресе, әлеуметтік желілер арқылы таралатын күмәнді мәліметтерден сақ болу керектігі ескертілді. Имам жат ағымдардың белгілерін, олардың адамдарды қалай арбайтынын қарапайым тілмен жеткізді. Жастардың мұндай теріс ықпалдарға тез еріп кетпеуі үшін ата-ана мен қоғамның жауапкершілігі де сөз болды. Сонымен қатар, дәстүрлі ислам құндылықтарын ұстанудың маңызы ерекше атап өтілді.
Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға имам тұшымды әрі нақты жауаптар берді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында бірлік пен татулықты сақтау, ел тыныштығын қорғау әрбір азаматтың міндеті екені айтылды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

