ЖАМБЫЛ: АУДАН ИМАМЫ АУЫЛ ИМАМДАРЫМЕН ЖЕКЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ЖАМБЫЛ: АУДАН ИМАМЫ АУЫЛ ИМАМДАРЫМЕН ЖЕКЕ ҚОҒАМДЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев ауыл имамдарымен жеке кездесу өткізді. Бұл кездесу еркін форматта өтіп, әрбір имамның ой-пікірі мен ұсынысын тыңдауға мүмкіндік берді. Бас имам өз сөзінде ауыл мешіттерінің тыныс-тіршілігі мен жамағатпен жұмыстың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, дін қызметкерлерінің халықпен тығыз байланыста болып, сенімге ие болуы қажеттігін атап өтті.

Кездесу барысында әр ауыл имамы өз аймағындағы діни ахуал туралы баяндап, атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті. Бас имам олардың ұсыныстары мен пікірлерін назарға алып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Жамағатпен жұмыс жүргізуде сабырлық, білімділік және жауапкершілік басты қағида болуы керектігі айтылды. Сонымен қатар, жастар тәрбиесі мен жат ағымдардың алдын алу мәселелері де кеңінен талқыланды. Кездесу соңында ел бірлігі мен тыныштығы үшін дұға жасалып, барша имамдарға сәттілік тілегі білдірілді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: