Аудандық "Бәйдібек" мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова шәкірттерге уағыз-насихат айтты. Уағыздың негізгі тақырыбы «Адал қоғам: Мұсылманның қоғам алдындағы жауапкершілігі» болды. Ұстаз өз сөзінде әрбір мұсылманның қоғамдағы орны мен міндетін кеңінен түсіндірді. Адамның тек жеке құлшылығымен шектелмей, айналасына пайдасын тигізуі керектігі айтылды.
Сондай-ақ, көркем мінез-құлық пен адалдықтың қоғам дамуына қосатын үлесі ерекше екені атап өтілді. Шәкірттерге үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – мұсылмандықтың басты белгілерінің бірі екені жеткізілді. Жақсылық жасау, өзгелерге қолдау білдіру – әрбір иманды жанның борышы екені түсіндірілді. Ұстаз жамағатты жауапкершілікті сезініп, қоғамға пайдалы тұлға болуға шақырды.
Кездесу барысында шәкірттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Уағыз мазмұны жамағаттың ой-өрісін кеңейтіп, рухани дүниесін байыта түсті. Осындай тәрбиелік мәні зор жиындардың маңызы ерекше екені айтылды. Жиын соңында шәкірттер ұстазға алғыстарын білдіріп, алған әсерлерімен бөлісті.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

