Айша бибі ауылы аумағында орналасқан Айша бибі мешітінде маңызды діни кездесу ұйымдастырылды. Аталған шараны мешіт имамы Катарбай Таджибаев жүргізіп, жамағатпен тағылымды сұхбат құрды. Кездесу барысында «Діни сауаттылықтың жастарға тиімділігі» тақырыбы кеңінен түсіндірілді. Имам өз сөзінде діни білімнің адамның рухани қалыптасуындағы маңызын ерекше атап өтті.
Жастардың дұрыс бағытта тәрбиеленуі үшін шынайы діни ақпараттың қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ, теріс ағымдардың зияны мен олардың қоғамға тигізер кері әсері туралы да баяндалды. Жамағатқа діннің негіздерін сенімді дереккөздерден үйренудің маңыздылығы түсіндірілді. Имам жастарды білімге ұмтылып, имандылық пен парасаттылықты қатар ұстануға шақырды. Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Жастар тарапынан тақырыпқа деген қызығушылық жоғары болғаны байқалды.
Мұндай кездесулердің қоғамда рухани тұрақтылықты қалыптастыруда алар орны ерекше екені айтылды. Жамағат ұйымдастырылған іс-шараға алғыстарын білдіріп, оның маңыздылығын жоғары бағалады. Осындай игі бағдарламалар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім білдірілді.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

