ЖАМБЫЛ: ДІНИ АДАСУШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ЖАМБЫЛ: ДІНИ АДАСУШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев Қапал ауылы «Қапал» мешітінде жамағатқа арналған «Діни адасушылыққа қарсы иммунитет қалыптастыру» тақырыбында кең көлемді дәріс өткізді. Бас имам өз сөзінде діни сауат пен дұрыс білімнің қоғамдағы адам өміріндегі рөлін ерекше атап өтті. Ол жастар мен ересектерге жат ағымдардың қауіпті екенін түсіндіріп, олардың ықпалына түспеу жолдарын нақты мысалдар арқылы көрсетті.

Дәріс барысында имам дәстүрлі исламның құндылықтары мен ұлттық салт-дәстүрдің үйлесімділігін талдап, жамағатқа рухани иммунитетті қалыптастырудың маңыздылығын жеткізді. Жиында қатысушыларға шынайы діни білімге сүйенудің қажеттігі, Құран мен хадистерге сүйену арқылы адасушылықтан қорғанудың жолдары түсіндірілді. Бас имам жат ағымдардың белгілері мен олардан сақтану тәсілдерін қарапайым тілмен жеткізді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, имамнан нақты әрі тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар, діни адасушылыққа қарсы отбасында, мектепте және қоғамда тәрбиелік жұмыстар жүргізудің маңызы айтылды. Дәріс барысында жастарды дұрыс жолға бағыттау, олардың сауаттылығын арттыру әдістері талқыланды. Даурен Куттыбаев имамдарды жамағатқа дұрыс насихат жүргізуге, сабырлылық пен парасаттылыққа шақырды.

Имамдар мен жамағат арасындағы байланыс пен сенімнің нығаюы адасушылыққа қарсы тұрудың маңызды шарты ретінде көрсетілді. Дәрісте қоғамдық желілер мен медиа арқылы тарайтын теріс ақпаратқа қарсы тұру жолдары да қаралды. Қатысушылар діни сауаттарын арттырып, жатағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруға белсенділік танытты.

Жиын соңында елдің амандығы мен бірлігін сақтау, жамағаттың рухани күшін арттыру үшін дұға жасалып, қатысушыларға ізгі тілектерайтылды. Бұл дәріс жамағатқа үлкен рухани азық болып, олардың адасушылыққа қарсы тұру қабілетін күшейтті.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: