ЖАМБЫЛ: СУИЦИД - АУЫР КҮНӘ

ЖАМБЫЛ: СУИЦИД - АУЫР КҮНӘ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Гродиково ауылы «Арынғазы» мешітінде ұстаз Малик Унгарбаев келген жамағатқа «Суицид – ауыр күнә» тақырыбында түсіндірме дәріс өткізді. Ұстаз өз сөзінде өмірдің қасиетті екенін, адам өзіне қол жұмсау әрекетінің исламда қатаң түрде тыйым салынғанын атап өтті. Ол суицидтің тек жеке адамға емес, оның отбасы мен қоғамға да теріс әсер ететінін нақты мысалдармен көрсетті. Дәріс барысында Алла тағаланың беретін сынақтарын сабырмен көтерудің маңызы кеңінен түсіндірілді.

Малик Унгарбаев жамағатқа өмірдің қиыншылықтары мен сынақтары кезінде дұға, сабыр және имандылық арқылы шешім табу жолдарын көрсетті. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұстаздан тұшымды жауап алды. Сонымен қатар, жастарға психологиялық қиындықтармен күресу барысында отбасы мен қоғамның қолдау көрсетуі керектігі айтылды. Дәріс барысында Аллаға сенім мен үміттің өмірді сақтап, рухани күш беретінін ерекше атап өтті. Шара соңында жамағатқа ізгі тілектер білдіріліп, өмірдің қадірін бағалау мен бір-біріне қамқор болу туралы насихат жасалды.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: