Аудандық "Бәйдібек" мешітінің ұстазы Жайна Бекназарова Құран Кәрімді түпнұсқасынан оқып үйрену және үйретудің маңыздылығын насихаттау мақсатында тағылымды түсіндірме жұмысын жүргізді. Кездесу барысында Құранды түпнұсқасынан, яғни араб тілінде дұрыс оқып үйренудің артықшылықтары кеңінен баяндалды.
Ұстаз қасиетті аяттарды дұрыс оқу үшін тәжуид қағидаларын меңгерудің маңызына тоқтала келе, тәжуид қағидаларын сақтау қасиетті аяттардың мәнін бұзбай жеткізуге септігін тигізетінін жеткізді. Сонымен қатар, Құранды оқу адамның рухани дүниесін байытып, жүрегіне тыныштық сыйлайтыны айтылды. Жиын барысында Құран ілімінің адам өміріндегі орны ерекше екені түсіндірілді. Ұстаз шәкірттерді қасиетті кітапты үздіксіз оқып, оны өмірлік бағдар етуге шақырды.
Сондай-ақ, Құранды үйреніп қана қоймай, оны өзгелерге үйретудің де үлкен сауап екені атап өтілді.Бұл амал арқылы қоғамда имандылық пен ізгілік кеңінен таралатыны жеткізілді. Түсіндірме жұмысы шәкірттердің Құранға деген қызығушылығын арттыра түсті. Ұрпаққа дұрыс діни тәрбие беру де осы қасиетті ілімнен бастау алады. Сондықтан Құранды түпнұсқадан оқып үйрену және оны өзгелерге жеткізу – әрбір мұсылманның абыройлы міндеті.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

