Қостоған ауылы, «Ботбай баба» мешітінің шәкірттері үшін рухани-танымдық бағыттағы тағылымды іс-шара ұйымдастырылып, олар Меркі аудандық мұражайына экскурсия жасады.
Экскурсия барысында шәкірттер туған өлкенің бай тарихымен, мәдени мұрасымен және тарихи жәдігерлерімен танысты. Мұражай қызметкерлері жас буынға ауданның өткені мен бүгінін баяндап, ата-бабаларымыздың өмірі мен тұрмыс-тіршілігі туралы кеңінен мәлімет берді.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, отансүйгіштік рухын арттыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметін нығайту. Сонымен қатар, шәкірттерге дін мен дәстүрдің сабақтастығы түсіндіріліп, ата-баба аманатына адал болу керектігі насихатталды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

