Меркі: «Таза Қазақстан» акциясы аясында мешіттерде сенбілік өтті

Меркі: «Таза Қазақстан» акциясы аясында мешіттерде сенбілік өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізде кең көлемде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Жамбыл облысы, Меркі ауданына қарасты  мешіттерде сенбілік шарасы ұйымдастырылды.

Аталған игі іске аудан имамдары, мешіт қызметкерлері және жамағат белсене атсалысып, мешіт ауласы мен айналасын тазалау жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында қоқыстар жиналып, ағаштар әктеліп, гүлдер отырғызылып, қоршаған ортаны көркейту жұмыстары қолға алынды.

Бұл шараның басты мақсаты – тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндеу және қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыру болып табылады. Ислам дінінде тазалық – иманның бір бөлігі екені белгілі. Сондықтан мұндай бастамалар мешіт жамағаты тарапынан әрдайым қолдау табуда.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: