Меркі: Шәкірттерге демалыс ұйымдастырылды

Меркі: Шәкірттерге демалыс ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жүніс молда» мешітінде діни сауат ашып жүрген шәкірттерге арнайы демалыс шарасы ұйымдастырылылды. Демалыс  барысында шәкірттер ауданымыздағы «Atlant Aqua House» демалыс орталығына барып, бассейнге түсіп, суда жүзуден ерекше әсер алды.

Суда жүзу – Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өсиет еткен сүннет амалдардың бірі екені белгілі. Осыған орай, бұл демалыс тек көңіл көтеру ғана емес, сүннетті жаңғыртуға бағытталған игі іс болды.

Мұндай шаралардың басты мақсаты – шәкірттердің денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және рухани тәрбиесін арттыру.

Демалыс соңында шәкірттерге арнайы мерекелік дастархан жайылды. Шәкірттерде осы шараны ұйымдастырған жомарт жандарға мешіт ұстазына алғыстарын білдірді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: