Меркі: Шәкірттерге мерекелік демалыс ұйымдастырылды

Меркі: Шәкірттерге мерекелік демалыс ұйымдастырылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ботбай баба»  мешітінің  шәкірттеріне арнайы демалыс ұйымдастырылып, оларға көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсер сыйланды.

Іс-шара барысында шәкірттер ойын-сауықтарға қатысып, белсенді демалыс өткізді. Атап айтқанда, олар картинг айдап, өзара жарыс ұйымдастырып, шат-шадыман күйге бөленді. Бұл өз кезегінде шәкірттердің бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайтып, сергек әрі көңілді уақыт өткізуіне мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, шара аясында ақ дастархан жайылып, шәкірттерге дәм ұсынылды. Мешіт ұстазы және мешіт жамағаты мен шәкірттер бірге отырып, әңгіме-дүкен құрып, насихатқа толы рухани отырыс болды.

Мұндай игі бастамалардың мақсаты – шәкірттердің білімге деген ынтасын арттыру, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және рухани тәрбие беру болып табылады. Осы игі шараға атсалысқан ауылдың жанашыр азаматтарына алғыс білдіреміз!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: