Шу аудандық «Жәми» мешітіндегі отбасылық кеңес беру орталығында жас шаңырақ көтерген отбасылар тұрақты түрде кеңес алуда. Игі бастаманың мақсаты – отбасы беріктігін нығайтып, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру.
Кездесу барысында бас имам шариғатқа сай ер мен әйелдің өзара сыйластығы, отбасыдағы жауапкершілік пен міндеттер туралы кеңінен түсіндіріп, ұлттық дәстүрлердің маңыздылығын дәріптеді.
Мұндай кездесулер жас отбасылардың татулығын арттырып, қоғамдағы берекелі отбасы құндылықтарын нығайтуға өз үлесін қосуда.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



15 Маусым 2026
29 Зуль-хиджа 1447

