«Мойынқұм» мешітінің бас имамы Ержан Көшкімбай аудан имамдарына «Дін мен дәстүр» бағыты аясында семинар өткізді. Жиын барысында мешітте неке қию тәртібі, сондай-ақ ұлттық отбасылық құндылықтарды насихаттау мәселелері кеңінен талқыланды.
Семинарда бас имам неке рәсімінің шариғат талаптарына сай жүргізілуі, жас отбасыларға дұрыс бағыт беру және дәстүр мен дінді ұштастырудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, имамдарға қоғамдағы отбасыларды нығайту бағытында атқарылатын жұмыстар пысықталды.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.


28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

