“Мойынқұм” мешітінің бас имамы Ержан Көшкімбай жамағатқа «Жеті қазық» тақырыбында пәтуа сағатын өткізді. Кездесу барысында имам адам өміріндегі негізгі рухани тіректерді ислам құндылықтарымен байланыстыра отырып түсіндірді.
Бас имам өз сөзінде Құран мен хадистерде айтылған имандылық, сабыр, әділдік, аманатқа адалдық секілді қасиеттердің «Жеті қазықтың» өзегі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) көркем мінезі мен өнегелі өмірі әрбір мұсылманға үлгі екенін айтып, жамағатты сол жолды ұстануға шақырды.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

