#Шу: «Жастар және дін» тақырыбында мазмұнды сұхбат өтті

#Шу: «Жастар және дін» тақырыбында мазмұнды сұхбат өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

№1 Шу қалалық кітапханасының ұйымдастыруымен КТЖ колледжі білімгерлерінің қатысуымен «Жастар және дін» тақырыбында кездесу өтті. Шара барысында кітапханашы қатысушыларды Сауытбек ауылының «Асайын-Кәлпе» мешітінің имамы Ш.Ж. Қамаубаевпен таныстырды.

Имам жастарға адамгершілік, рухани құндылықтар және діннің қоғамдағы орны туралы ой қозғап, діншілдіктің адамның дүниетанымы мен өмір сүру салтына әсер ететін маңызды ұғым екенін түсіндірді. Сондай-ақ, қазіргі қоғамдағы өзара түсіністік мәселелеріне де тоқталды.

Кездесудің мақсаты – жастарға діни тәрбие беру, имандылыққа баулу және рухани тазалықты сақтауға бағыт беру.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: