Меркі: Бір тал кессең - он тал ек

Меркі: Бір тал кессең - он тал ек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ойтал ауылы «Намазхана» мешітінің ауласында тағы бір игі іс жүзеге асты. Жамағаттың бірлесуімен мешіт аумағына 30 түп жеміс ағашы және Бейсенбек ағамыздың қолдауымен 12 түп қарағай ағашы  отырғызылды. Бұл бастама – қоршаған ортаны көркейту, табиғатты аялау және келешек ұрпаққа пайдалы мұра қалдыру мақсатында қолға алынды.

Ағаш отырғызу – сауапты әрі сауапы үзілмейтін амалдардың бірі. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бір мұсылман бір ағаш отырғызса немесе бір нәрсе ексе, одан адам, жануар не құс жесе, ол үшін садақа болып жазылады», – деген.Осы тұрғыда атқарылған бұл игі шара – үлкен сауапқа жетелейтін амал.

Алла Тағала егілген әрбір талды берекелі етіп, жемісін мол қылсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: