Ауданның бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы ауыл имамдарының қатысуымен маңызды жиналыс өткізді. Басқосуда мешіттердің қызметін жандандыру, діни-ағартушылық жұмыстардың сапасын арттыру және жамағатпен байланысты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиналыс барысында бас имам имамдардың жауапкершілігіне тоқталып, халыққа дұрыс бағыт-бағдар беру, дәстүрлі дін құндылықтарын насихаттау және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау жолындағы міндеттерді нақтылап өтті. Сонымен қатар, алдағы жоспарлар мен атқарылатын іс-шаралар пысықталды. Ауыл имамдары да өз ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.
Кездесу соңында еліміздің, жеріміздің амандығы үшін дұға жасалды!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



16 Қыркүйек 2026
3 Раби-сани 1448

