Аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы «Тәтті» мешітінде жамағатқа «Уақыт – мұсылманның ең қымбат нығметі» тақырыбында тағылымды жұма уағызын жүргізді.
Уағыз барысында уақыттың қадірі, әрбір сәттің Алланың аманаты екендігі кеңінен түсіндіріліп, мұсылман баласының өмірін пайдалы істермен өткізуі – үлкен жауапкершілік екені айтылды. Сондай-ақ, уақытты босқа өткізбеу, ғибадатқа, білімге және игі амалдарға көңіл бөлу – нағыз мұсылманның белгісі екендігі насихатталды.
Жұма намазынан кейін аудан бас имамы мешіт жамағатымен жүздесіп, еркін форматта сұхбат құрды. Көпшілік тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, дінге қатысты өзекті мәселелер төңірегінде пайдалы түсіндірмелер жасады.
Кездесу барысында жамағат рухани әсер алып, көкейдегі сауалдарына тұщымды жауаптар алды. Осындай тағылымды басқосулар – халық пен дін қызметкерлері арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдағы бірлік пен түсіністікті арттыра түсетіні анық.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

