Ауданның бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы Беларық ауылындағы мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Іссапар барысында мешіттің ішкі-сыртқы жағдайы, атқарылып жұмыстар мен жамағаттың белсенділігі назарға алынды.
Сонымен қатар, бас имам мешіт жамағатымен жүздесіп, сұхбаттасты. Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, мешітке қатысты маңызды мәселелер төңірегінде насихат айтты. Әсіресе, бірлік, ынтымақ, имандылық және қоғамдағы жауапкершілік тақырыптары кеңінен қозғалды.
Жамағат өз кезегінде ұсыныс-пікірлерін білдіріп, мешіт жұмысына қатысты ойларымен бөлісті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

