Меркі: Мешіт аумағында игі іс атқарылуда

Меркі: Мешіт аумағында игі іс атқарылуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ойтал ауылы «Намазхана» мешітінің көлік тұрғында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жамағат игілігі үшін маңызды нысандардың бірі – көлік тұрағын ретке келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бастама мешітке келушілердің қолайлы әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды.

Аталған игі іске ауданға қарасты «Қант зауыты» ұжымы белсенді қолдау білдіріп, 6 КамАЗ құм-тас жеткізіп берді. Бұл – ел игілігі жолындағы ауызбіршілік пен жанашырлықтың жарқын көрінісі.

Сонымен қатар, ауыл тұрғыны Қуаныш ағамыз да бұл сауапты істен шет қалмай, өз тракторымен төселген тастарды тегістеп, көлік тұрағының сапалы жасалуына өз үлесін қосты.

Мұндай қайырымды істер – қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың белгісі. Алла Тағала осы игі амалдарға атсалысқан барша азаматтардың еңбегін қабыл етіп, сауаптан жазсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: