Мойынқұм ауданында рухани бағыттағы шара ұйымдастырылды. Ауданның бас имамы Ержан Көшкімбай «Мойынқұм» мешітінде имамдарға арналған «Уақып – үзілмес ізгілік» тақырыбында семинар өткізді.
Тағылымды жиын барысында уақыптың қоғамдағы орны мен оның сауапты іс ретіндегі мән-маңызы кеңінен түсіндірілді. Бас имам өз сөзінде уақыптың – қайырымдылықтың үздіксіз жалғасуына себеп болатын ерекше амал екенін атап өтті. Сондай-ақ, мешіт қызметкерлерін игі істерді көбейтуге, халыққа қызмет етуде жауапкершілікті арттыруға шақырды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.



16 Қыркүйек 2026
3 Раби-сани 1448

