Көкжелек ауылында имам Бақытжан Мадыхановтың ұйымдастыруымен «Әскери борышты өтеу» тақырыбында пәтуа сағаты өтті. Тағылымды жиын барысында Отан алдындағы міндетті өтеудің маңыздылығы мен оның діни тұрғыдағы орны кеңінен түсіндірілді.
Имам өз сөзінде ел қорғау – әрбір азаматтың қасиетті парызы екенін атап өтіп, әскери борышты адал атқарудың рухани жауапкершілігіне тоқталды. Шара барысында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

