«Бірлік» мешітінде жоспарға сәйкес имам Серік Смайлов «Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Отбасы – аманат» тақырыбында уағыз жүргізді.
Уағыз барысында имам отбасының қоғамдағы орны мен оның қасиетті аманат екеніне кеңінен тоқталды. Ол дін мен ұлттық дәстүрдің сабақтастығын негізге ала отырып, отбасындағы сыйластық, жауапкершілік және тәрбие мәселелерін жан-жақты түсіндірді.
Сондай-ақ, жамағатты отбасы құндылықтарын сақтауға, ата-анаға құрмет көрсетіп, ұрпақ тәрбиесіне мән беруге шақырды.
Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.


28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

