#Мойынқұм: Мойынқұмда өзекті тақырып талқыланды

#Мойынқұм: Мойынқұмда өзекті тақырып талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм ауданына бас имамы Ержан Көшкімбай жамағатқа арналған пәтуа сағатын өткізді. Шара барысында «Бөліп төлеу арқылы үлкен және кіші қажылыққа бару үкімі» тақырыбында уағыз айтылды.

Бас имам өз сөзінде қажылық – исламдағы бес парыздың бірі екенін атап өтіп, оны орындаудағы шарттар мен талаптарға тоқталды. Әсіресе, бөліп төлеу (рассрочка) арқылы қажылыққа барудың шариғаттағы үкімі жан-жақты түсіндіріліп, қаржылық мүмкіндіктер мен адалдық қағидаларының маңыздылығы айтылды.

Сонымен қатар, жамағатқа ниеттің тазалығы, қарыз мәселесі және жауапкершілік тұрғысынан нақты түсіндірмелер берілді. Кездесу барысында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: