Мойынқұм мешітінің наиб имамы Тұратбек Бердіқожаев жамағатқа «Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Отбасы – аманат» тақырыбында уағыз жүргізді.
Уағыз барысында отбасының қоғамдағы маңызы, оның әрбір адамға жүктелген қасиетті аманат екені жан-жақты түсіндірілді. Наиб имам дін мен ұлттық дәстүрдің сабақтастығын негізге ала отырып, отбасы ішіндегі сыйластық, ата-анаға құрмет, ұрпақ тәрбиесі секілді маңызды құндылықтарға тоқталды.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.


17 Қараша 2026
6 Джумада-сани 1448

