«Рәтқұл ата» мешітінің имамы Бұхара халыққа, әсіресе жастарға ақыл-кеңес беру мақсатында өкілдіктер жанынан құрылған «Аталар мектебі» аясында өңірлерде арнайы семинар өткізді. Тағылымды шараға ауыл ақсақалдары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барысында ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтар мен үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді маңызды мәселелер кеңінен қозғалды. Жиын барысында ата мен немере арасындағы байланысты нығайту, дәстүр сабақтастығын жалғастыру және қоғамдағы бірлікті арттыру мәселелері де назардан тыс қалмады.
Рухани мазмұнға бай өткен семинар көпшілікке үлкен әсер қалдырып, жас буынға тәлім-тәрбие берудің маңызын айқындай түсті.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.


28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

