Мойынқұм ауданында аудан бас имамы Ержан Көшкімбайдың жетекшілігімен имамдарға арналған кезекті пәтуа сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында жоспарға сәйкес «Имамның жамағат намазын өткізу тәртібі» тақырыбы кеңінен қарастырылды.
Жиын барысында бас имам атқарылып жатқан қызметтерді пысықтап, имамдарға жамағат намазын өткізудің шариғаттағы талаптары мен тәртібі жөнінде нақты түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, құлшылық барысында имамның жауапкершілігі, жамағатпен үйлесімділік және тәртіп сақтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Тағылымды басқосу имамдардың діни қызметтегі білімін арттырып, жамағатқа сапалы қызмет көрсетуге бағытталған маңызды алаңға айналды.
Мойынқұм аудандық “Мойынқұм” мешітінің баспасөз қызметі.



28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

