ТАРАЗ: «ӘЛ-ӘДІЛ» МЕШІТІНДЕ ТАЗАЛЫҚ СЕНБІЛІГІ ӨТТІ

ТАРАЗ: «ӘЛ-ӘДІЛ» МЕШІТІНДЕ ТАЗАЛЫҚ СЕНБІЛІГІ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Әл-Әділ" мешіті аумағында игі іс ұйымдастырылып, тазалыққа арналған сенбілік өтті. Бұл шараға мешіттің әйел-қыздар жамағаты белсене қатысып, айналаны көркейтуге өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында мешіт маңы тазартылып, қоқыстар жиналып, аула ретке келтірілді. Қатысушылар ауызбіршілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, тазалықтың маңызын іс жүзінде көрсетті. Алла Тағала Құранда: «Расында, Алла тәубе етушілерді және таза болушыларды жақсы көреді» («Бақара» сүресі, 222-аят) деп баяндалған. Сондай-ақ Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Тазалық – иманның жартысы» – деп өсиет еткен (Мүслім риуаяты).

Аталған шара – қоршаған ортаны таза ұстауға деген жауапкершілікті арттырып қана қоймай, жамағат арасындағы ынтымақ пен бірлікті нығайтатын маңызды бастама. Осындай игі істер арқылы қоғамда тазалық мәдениеті қалыптасып, әрбір адамды ізгілікке үндейтін орта қалыптасады.

Әйел-қыздар жамағатының бұл еңбегі – көпке үлгі боларлық сауапты амал. Ұлттық құндылықтар мен әжелер мектебінің тағылымын дәріптей отырып, ұрпаққа өнеге көрсеткен бұл бастама алдағы уақытта да өз жалғасын табары сөзсіз. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: