ЖАМБЫЛ: ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

ЖАМБЫЛ: ӘЙЕЛДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Жамбыл ауданы, Айшабибі ауылы мешітінің жанындағы діни сауат ашу курсында нәзік жандылар арасында Құран Кәрімді мәнерлеп оқу және тәжуид қағидаларынан білім жарысы ұйымдастырылды.
 
Бұл іс‑шара Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы және мешіт әкімшіліктері тарапынан діни сауатты арттыру және жастарды Құран оқуға ынталандыру мақсатында жүйелі түрде өткізіледі. Діни сауат ашу курстары қазіргі уақытта республиканың көптеген мешіттерінде жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді, оның ішінде Құран әліппесі мен негізгі діни мағлұматтар оқытылады. Шараны ұйымдастырушы ұстаз - Жайна Бекназарова. Қазылар алқасы Жамбыл облысы әйел-қыздар секторының төрайымы Иманалиева Жазира  бастаған ұстаздар тобы.
 
Ерекше көзге түсіп, алға оза шыққан аудандар: Т.Рысқұлов, Байзақ, Жамбыл, Тараз қаласы Хибатулла Тарази және Кеңесхан Қажы мешітінің шәкірттері болды. Әр ауданнан келіп жарыста бақ сынаған әйелдер мен қыздар қасиетті Құран Кәрім аяттарын дұрыс оқып қана қоймай жаттау бойынша да өз шеберліктерін көрсетті. Мұндай жарыстар рухани тәрбиені күшейтуге, Құранға деген қызығушылықты арттыруға және қатысушыларды имандылыққа баулуға бағытталған. 
 
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: