Қарасу ауылдық мешітінде араб тілі дәрістері өз жалғасын табуда. Мешіт жанынан ұйымдастырылған бұл сабақтар жамағаттың, әсіресе жастардың діни сауатын арттырып, Құран тілін үйренуге деген қызығушылығын күшейтуде.
Дәріс барысында шәкірттер араб әріптерін дұрыс айту, қарапайым сөздер мен сөйлемдерді меңгеру бағытында білім алуда. Мешіт имамы Абдуманап Дулат әрбір шәкіртке жеке көңіл бөліп, сабақтың түсінікті әрі тиімді өтуіне жағдай жасауда.
Араб тілін үйрену – қасиетті Құран Кәрімді түпнұсқада түсінуге жол ашатыны белгілі. Осы орайда мешіт шәкірттері білімге деген ынтасын көрсетіп, сабақтарға тұрақты түрде қатысып келеді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі


28 Сәуір 2026
11 Зуль-каада 1447

