Меркі: Аудан ақсақалдарымен кездеу өтті

Меркі: Аудан ақсақалдарымен кездеу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде аудан ақсақалдарымен келелі кездесу өтті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жылысбаев Байсейт Сабырұлы, аудандық билер кеңесінің төрағасы Өзбеков Медербек Көшенұлы, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шолпанқұлов Ержан Диханалыұлы, "Мерейлі – Мерке" қайырымдылық қоғамдық қорының төрағасы Қалманбетов Жантұрсын, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Исақұл Асан аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлымен кездесуге мешітке келіп, ақ баталарын беріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Кездесу барысында ел бірлігі, рухани тәрбие, ұлттық құндылықтарды сақтау және жас ұрпаққа өнеге көрсету мәселелері кеңінен қозғалды. Ақсақалдар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, дін мен дәстүр сабақтастығын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Дәуіт Сейітқалиұлы құрметті қонақтарға ризашылығын білдіріп, ақ тілектеріне алғыс айтты. Сонымен қатар, кездесудің белгісі ретінде "Мұсылманның білуі тиіс 40 парыз" кітабын сыйға тартты.

Осындай тағылымды кездесулер – ұрпақтар сабақтастығын жалғап, әжелер мектебі мен ақсақалдар өнегесін дәріптеудің жарқын көрінісі.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: