Ақтоған ауылы «Шақшам ата» мешітінің имамы Турпанов Асқардың ұйытқы болуымен және қайырымды жандардың қолдауымен ауылға қарасты 10 отбасыға қаржылай көмек көрсетілді.
Игі шара барысында әр отбасыға 25 000 тг көлемінде қаражат және 6 отбасыға кілем табысталды.
Көмек алған отбасылар ауыл имамына және осы іске атсалысқан барша жандарға алғыстарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



15 Маусым 2026
29 Зуль-хиджа 1447

