Меркі: ҚЫЗЫЛҚЫСТАҚ АУЫЛЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Меркі: ҚЫЗЫЛҚЫСТАҚ АУЫЛЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қызылқыстақ ауылы “Әл-Карим” мешітінің имамы Алпысбаев Есболдың және мешіт жамағатының ұйымдастыруымен ауылға қарасты 10 отбасыға 20 000 тг (200 000), 1 отбасыға 25 000 тг, 1 отбасының үйінің сыртын сылап беруге 400 000 тг қаражат және 1 отбасыға азық-түлік мектеп оқушылары атынан табысталды.

Игі шараның басты мақсаты – әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, қайырымдылық пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Жамағаттың бірлескен еңбегінің нәтижесінде мұқтаж жандарға нақты көмек көрсетіліп, олардың тұрмыс-тіршілігіне оң әсерін тигізді.

Ауыл тұрғындары мен игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыс білдіріліп, мұндай сауапты амалдардың жалғасын табуы тілге тиек етілді. Қайырымдылық – қоғамды біріктіретін, адамдардың жүрегіне жылулық сыйлайтын ізгі қасиет екені тағы бір мәрте айқындалды.

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, әжелер мектебінің тағылымын насихаттау арқылы өскелең ұрпақтың бойына мейірімділік пен ізгілікті сіңіру – баршамызға ортақ міндет.

Меркі аудандық “Меркі ата” мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: