Қордай: Шәууәл айында қайырымдылық жалғасуда

Қордай: Шәууәл айында қайырымдылық жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жеті түрлі адамға Алла Тағала ешбір сая жоқ күні Өз саясынан жай береді», – деген. Солардың бірі – «оң қолының бергенін сол қолы көрмейтіндей, садақаны жасырын берген адам» екені айтылған.

Жомарт болу үшін дүние-мүліктің көп болуы шарт емес. Нағыз жомарттық – қолда барды шынайы ниетпен, көмекке мұқтаж жандармен бөлісу. Сондықтан дана халқымыз: «Жомарт болу үшін бай болу міндетті емес. Керісінше, бай болу үшін жомарт болу керек», – деп бекер айтпаған. Осы орайда Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылы «Сахаба» мешітінің имамы Серік Төлегенұлы жомарт жандармен бірге қайырымдылық шараларын жалғастыруда.

Ізгі амалдар арқылы мұқтаж отбасыларға қаржылай және азық-түлікпен 90мың шамасында көмек көрсетіліп, сауапты істер атқарылуда. Алла Тағала жасалған барлық жақсылықтарды қабыл етіп, сауаптан жазсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: