Қордай: Бас имам жаңа салынып жатқан мешіттің құрылысымен танысты

Қордай: Бас имам жаңа салынып жатқан мешіттің құрылысымен танысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Расында Алланың мешіттерін Аллаға және ақырет күніне иман келтірген, сондай-ақ намаз оқып, зекет берген және тек Алладан қорқатын (пенде) ғана тұрғызады. Міне олар шын мәнінде тура жол тапқандар». Мешітті салушы Аллаға иман келтірген, ақыретін ойлаған мұсылман адам болу керек. Мешітті салудағы басты мақсат Алланың разылығы болу керек.

Жалған атақтан, көз бояушылықтан ұзақ болу керек. Сондай-ақ мұсылмандар мешіттерді салумен қатар оларды ұстап тұруға, киелі деп құрмет көрсетуге, таза ұстауға, білім алуға, еркін ғибадат жасауға дұрыс жағдай жасауы керек. Мешіттерде дүние сөзін сөйлеуге, жалған сөз айтуға, ғайбат айтуға жол берілмеуі қажет. Қордай ауданы бас имамы Азамат Берікұлы Қарасу ауылында жаңадан бой көтеріп жатқан мешіттің құрылысымен танысты. Іске асқан жұмыстарды көріп, тексеріп, көңілі толып қайтты. Алланың үйіне жердем берген, салдырған жандарға Алла екі дүниеде разы болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: