Қордай: «Яссауи» мешіті зерделенді

Қордай: «Яссауи» мешіті зерделенді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Абдулла ибн Аббас (оған Алла разы болсын) былай деген: «Аспанды жұлдыздар жарық қылғаны секілді, мешіттер де жер бетіне өзінің нұрын шашып, жарық қылады». Ал Айша бинт Әбу Бәкір (оған Алла разы болсын) анамыз: «Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ауыл-аймақтарда мешіт салынуын, олардың таза ұсталуын және хош иіспен жұпарлы болуын әмір етті», – деген.

Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Қарасу ауылындағы «Яссауи» мешітінде болып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Алла үйінің жағдайын қарап, тексеру барысында айтарлықтай кемшіліктер анықталған жоқ.

Мешіттің ішкі тазалығы, асхана, әжетхана және кітап қоры толықтай тексерістен өтті. Іссапар нәтижелі өтіп, мешіттің жалпы жағдайы талапқа сай екені байқалды. Бұл – жамағаттың және мешіт қызметкерлерінің жауапкершілікпен атқарып жатқан жұмысының айғағы. Алла Тағала баршамыздың ізгі амалдарымыз бен ниеттерімізді қабыл етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: