Қордай: "Сахаба" мешітінде сенбілік жасалды

Қордай: "Сахаба" мешітінде сенбілік жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала – жомарт, жомарт құлдарын жақсы көреді. Алла Тағала – таза, тазаланғандарды жақсы көреді. Сондықтан, үйлеріңіздің маңайын таза ұстаңыздар» – деп біздерге Алла Тағаланың жақсы көретін құлдарының қатарынан көрінгіміз келсе қоршаған ортамыздың тазалығына мән беруіміз керек екенін білдіреді.

Сонымен қатар, біздерді Алланың қарғысына ұшырап қалмауға шақырып: «Абайлаңыздар, қарғыс атқандардың қатарынан болып қалмаңыздар. Олар – ел жүретін жолға, ел көлеңкелейтін ағаштың түбіне, өзен, көлдің жағасына дәрет сындырып ластайтындар», - дейді. Атам қазақ ұрпақтарына «Жұғын бар жерде шыбын бар, шыбын бар жерде шығын бар» – деген мақалмен, үйдің айналсында нәжістің жұғыны да болмау керектігін  үйреткен.

Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылы «Сахаба» мешітінде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалыққа мешіт жамағаты атсалысып, айналаны жарқыратып тазалап шықты. Алланың үйіне жасалған құрмет қабыл болсын. Мешіттеріміз көркейе, үлкейе, әсемдене берсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: